Оңтүстіктен 30 сотталушы рақымшылыққа ілігуі мүмкін

Н.Назарбаевтың бұл жетінші ресми рақымшылығы
Н.Назарбаевтың бұл жетінші ресми рақымшылығы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кезекті ресми рақымшылығын жариялады. Бұл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына тарту болып отыр.

Енді рақымшылық аясында 16 мыңнан астам адам жазаның жеңілденуіне ілігеді. Олардың арасында бірінші кезекте әйелдер, мүгедек балалары бар жандар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтар, зейнеткерлер мен жеткіншектер бар. Тек 2 мыңнан астам адам теміртордан мерзімінен бұрын босап шығады. Тағы біразының жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Бұл жеңіл және орта дәрежелі қылмыс жасаған азаматтарға байланысты.

Қаперіңізде жүрсін, Елбасының рақымшылық заңындағы бұл жетінші бұйрығы. Осыған дейінгі рақымшылық ісі 2006 жылы болған еді.

Ал Шымкентте орналасқан қоныстандыру колониясындағы 418 азаматтың 30-ы рақымшылыққа ілінеді деп болжалданып отыр.  Ал елуінің сотталу мерзімі қысқартылмақ.