Шымкентте сатылатын жанармай жарамсыз

Май құю бекеттерінде босатылатын бензин автомобиль қозғалтқышына айтарлықтай зиян келтіруде. Оңтүстіктің жүргізушілер осылай деп дабыл қағуда. Олардың айтуынша АИ-92 маркалы сұйық отын сапасына сай келмейді. Соңғы екі айда сапасыз сұйық отынның кесірінен көлік ахауы көп тіркелген. Сұйық отын сапасының сын көтермеуіне мұнай өңдеуші зауыт қызметкерлдері кінәлі дейді темір тұлпар иелері.

Алайда бензин өндірушілер бұл пікірді жаңсақ һәм жалған әңгіме деп отыр. Мұнай өңдеушілері бензиннің сапасы жанармай құю бекеттерінің цистернасына құйылған кезде нашарлауы мүмкін деп отыр. Себебі соңғы кездері мұнай өңдетуші компаниялар тапсырысты өткен жылмен салыстырғанда көп беріпті. Мәселен былтыр жалпы өңделген бензиннің 50 пайызы арнайы тапсырыспен сатылған. Ал биыл бұл көрсеткіш 70 пайызды құрап отыр. Бұл өз кезегінде Шымкент зауытында өндірілетін бензин сапасының жақсы екеніне дәлел болады дейді жанармай жасаушылар.

Сонымен сұйық отынның сапасы кімнің кесірінен сын көтермейді. Ішің білсін әлу-ай әніне салып, бензин таратушылар мен босатушылардың ар-ұятына жүк қылып артайық бұл мәселені.