Шымкенттік «Қыран» оқу жаттығу жиынын бастады

248
"Қыран" ФК директоры

Желтоқсанның 15-не дейін алғашқы іріктеу жасалынып, 16-17 жастағы футболшылардың кейбірі команда құрамын толықтырады. Осы жоспарды іске асыру үшін «Қыран» №7 футбол мектебінің жеткіншектерімен жолдастық кездесуде бақ сынасты.

Берік Омарбеков, «Қыран» ФК директоры: «Өткен жылы «Тарлан» деген атпен ойнаған едік, биыл «Қыран» болып ауыстық. Командада анау айтқан өзгерістер болмайды. Маусым алдындағы оқу жаттығу жиынын бастадық. Сырттағы, өзіміздің облыстағы ойыншыларды шақырып, іріктеу жүргізіп жатырмыз.»

Команда құрамы өзгереді. Сондай-ақ, «Қыранның» бас бапкері Қанат Мұсатаевтың тағдыры әзірге белгісіз. Жаттықтырушы қызметіне өзге маман келуі әбден мүмкін.

 Қанат Мұсатаев, «Қыран» ФК бас бапкері: «Әзірге белгісіз. Келіс сөздер жүргізіп жатырмыз. Мен жастар құрамасының бапкері қызметін де атқарамын ғой. Алдағы уақытта 20 күнге жиынға кетемін. Ол дегеніміз командамен бірге бола алмаймын. Сол үшін бұл мәселенің түйінін қазірден шешіп алайық деп отырмын.»

Бірінші лига командалары арасындағы турнирдің алғашқы бестігінен орын алу. Қыранның алдына осындай жоспар қойылып отыр. Ол үшін қаражат мәселесі де шешілген. Жолдастық кездесу қырандықтардың басымдылығымен аяқталды. Алғашқы іріктеуден кейін, «Қыранның» ойыншылары қаңтардың 15  күні қайта бас қосады. Сол уақытта команданың құрамы нақтыланады.