Елімізде индустриалды жаңа өндірістер ашылды

Жобаның жалпы құны 216 млн АҚШ доллоры

Биылғы жыл басынан бері индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 8,3 трлн. теңгені қамтитын 469 жоба іске қосылыпты. Апта ағымында қазақ жұрты ұлттық экономика үшін аса маңызды тағы 6 жобаның ашылуына куә болды. «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты телекөпірде Елбасы Назарбаев елдің барлық аймақтарымен online желіде тікелей байланысқа шығып, озық өндіріс орындарын бір сәтте іске қосты.

Телекөпір аясында ашылған алты жоба бірінші кезекте елдің экожағдайының жақсарып, халықтық әл ауқаттың артуына сеп болады. Алтаудың ішіндегі көлемі мен өндірістік қуаты жағынан мана зауыттың аталымы айрықша. «СК3-U»-ЖШС-нің күкірт-қышқыл зауытының тіпті ТМД баламасы жоқ.

Жаңа кәсіпорын уран өндіру технологиясындағы ең басты реагент болып табылатын күкірт қышқылын бұйыртса наурыз айынан бастап шығарады. Зауыт индустрия саласындағы ең әйдік технологияларымен жабдықталған. Жылына 500 мың тонна таза өнім өндіреді. Шығарылатын күкірт қышқылы экологияға да залалсыз. Қазір өндіріс мекемесінен 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашылыпты. Оның 70%ын жергілікті тұрғындар қамтиды.

Жалпыұлттық телекөпір барысында облыс басшысы сыр өңірінің аграрлы аймақтан индустриялы аймаққа айналғанын айтты. Инвестиция көлемі 88,2 млрд теңгені құрап, жұмысшылар саны 1414 адамға өскен. Сондай-ақ мұнай-газ, уран өнеркәсібі де жүйелі жолға қойылыпты, тәуелсіз атанған жиырма жыл ішінде. Облыстың өнеркәсіп өндірісінің үлесі 51 пайызға артып өнеркәсіп көлемі 370 ке еселенген.