Жеке сәйкестендіру нөміріне қатысты жаңа қызмет түрі енгізілді

Халыққа қызмет көрсету орталығының «Инспектор үйге» атты қызмет түрін қария кісілермен зейнеткерлер пайдалануға асығар емес. Өйткені, қызмет түрі ақысыз болғанымен пайдаланған азамат инспектордың жол шығынын өтеп беруге міндетті.

Бізде халыққа қызмет көрсету орны ашылғаннан бері 4-жыл қатарынан мобильді топ қызмет жасап келеді. Орталыққа келуге мүмкіндіктері жоқ, 1-2 ші топтағы мүгедектерге өзіміз үйлеріне барамыз. Ал егер отбасыларында осындай мүмкіндіктері шектеулі жандары бар азаматтар бар болса, онда міндетті түрде біздің орталыққа келіп өз өтініштерін берулері керек. Ал суретке түсіру жағына келгенде біздің қолымыздан келер шара жоқ. Өйткені мұндағы суретшілердің барлығы да жеке кәсіпкерлер. Сондықтан, біз оларға тапсырма бере алмаймыз – дейді ОҚО ХҚКО №1 операциялық залдың бастығы Ғалым Маймышев.

Ал жаңа жылдан бастап инспекторлардың жол ақысымен суретке түсу жағдайы тегін болмақ. Өйткені, Халыққа қызмет көрсету орталығына арнайы көлікпен құрылғы беру жоспарлануда екен.

Ал жеке сәйкестендіру нөмірін ағымдағы жылдың соңына дейін рәсімдемегендер мемлекеттік қызметтен қалыс қалады дейді Ғалым Маймышев.