Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл

1014
Тілдер мерекесі ҚазХДУ-де ерекше атап өтілді

 

ҚазХДУ-нің студенттері қойылым қойды

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы екені белгілі. 1998 жылдан бері 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні ретінде аталып келеді. Елімізде 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Бүгінде солардың барлығы елімізде ана тілінде білім алуға, салт-дәстүрін дамытуға және ұлттық нақышта тұрмыс құруға құқылы. Бұл мереке еліміздегі ұлттардың теңдігі мен бірлігін дәріптейді. Тілдер мерекесі Қазақстан халықтар достастығы университетінде де атап өтілді.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!». Бұл – қанатты сөз Қазақстан халықтар достығы университетінің студенттері үшін аса маңызды. Мұндағы ұстаздар да, шәкірттер те бірауыздан ұлттар тұтастығының алғашқы көрсеткіші – қазақ тіліне деген құрметтен басталатынын жақсы ұғынады.

Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл шарасына Балнұр Қаныбек тыңғылықты дайындалыпты. Болашақ қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы 2 түннің ішінде 12 шумақ арнау жазып шығарған.

Тіл мерекесін тойлаған салтанатты шара барысында қазақтың дәстүрлі ән-жыры мен күйінен шашу шашылып, ұлттық билеріміз биленді. Жиналғандар назарына тіл туралы сахналық қойылымдар да ұсынылды.