Полиция бастықтары өзгеріп жатыр

Нұрлан Өсерханұлы Қарабаев

Аттестацияның қорытындысы бойынша ОҚО ІІД-де кадрлық ауыс-түйіс орын ала бастады. Бірқатар аудандық ІІБ-ның бастықтары орнынан кетті. Әрине, ішкі істер саласындағы бұл өзгерістер сала жұмысын жандандырады деп сенеміз. Себебі, соңғы кезде өңірімізде қылмыс көлемі артып отырғаны рас. Сонымен ОҚО ІІД бастығының қоғамдық тәртіпті сақтау саласы бойынша орынбасары болып Нұрлан Өсерханұлы Қарабаев тағайын-далды. Ал осы қызметті атқарып келген Нұралы Қырғызәлиев енді ішкі тәртіп мәселесі бойынша орынбасары болып қалды.

Сейітжан Мүтәліұлы Сапарбеков

Бұл қызметті атқарып келген Абзал Ауеновты аттестациялық комиссия мамандары «бұл қызметке әлі жас» деп ұйғарым жасапты. Н.Қарабаевтың орнына патрульді полиция бастығы қызметіне бұған дейін Шымкент қалалық ІІБ бастығының орынбасары болған подполковник Әбдіғани Сейдуәлиев жайғасты. Ал департаменттің ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының бастығы болып Сейітжан Мүтәліұлы Сапарбеков тағайындалса, оның орнына қалалық ІІБ-на бастық болып Әуезбек Байымбетов барды. Ол бұған дейін Бәйдібек аудандық ІІБ басқарған еді.

Енді Бәйдібекке 37 жастағы Жеңісбек Миятбекұлы Мәліков бастық болып тағайындалды. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы болып Дәуірбек Жандарбекұлы Қалғынбаев, анықтау басқармасының бастығы болып Бауыржан Батырбекұлы Зиятаев тағайындалды.

Жеңісбек Миятбекұлы Мәліков

Ал Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының бастығы лауазымына Әуесбай Сарыбайұлы Байымбетов, қаладағы Абай ауданы полиция бөліміне Нұрмахан Тоғайбайұлы Жалғасов, Сайрам аудандық ІІБ-не Мәлік Оразалиевтің орынбасары болып келген Нұржан Мұсабаев, Ордабасы аудандық ІІБ-не Нұржан Бекбосынұлы Тілеуов бекітілді.

Аталған азаматтарды жаңа қызметтерімен құттықтаймыз!