Жұмыспен қамту бағдарламасының шапағаты

Подпись к снимку
Жұмыспен қамту жәрмеңкесі

Елдегі жұмыссыздардың саны азаятын күн де алыс емес. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру жөнінде Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар бере келе халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеген болатын. Кемел келешектің кілтіне айналар «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша елімізде 1,5 млн. қазақстандық жұмыспен қамтылып, кедейлік көрсеткіші 6%-ға дейін азаймақ.

Ғани Төрегелдиев, «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысушы
– Бұның алдында жұмыссыз едім, қазір «Малдыбай» дүкенінде жұмысшы болып істеп жатырмын. Айлығым жаман емес, 55 мын теңгедей аламыз.

Бұл уақытқа дейін үйіндегі ескі тігін машинасымен тапсырыстарды орындап келген Сымбат Сағатқызы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысуға ниетті. Мақсаты – тар жердегі тіршілігін кеңейту. Тігіншінің тігін цехын ашсам деген арманы орындалыпты. Мемлекет берген несиеге ғимарат жалдап, қазіргі таңда 5 адам жұмыспен қамтылыпты. Ұлттық киімдер тігуге де тапсырыс жеткілікті екен. Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы Сымбат секілді 47 азамат «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан несие алып, кәсіптерін жүргізуде. Қазіргі таңда жеке кәсібін ашып, ісін дөңгелетемін деген ауыл кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Сонымен қатар аудандағы жұмысшы 88 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған.

Лейла Махамбетова, «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысушы
– Осы «Малдыбай» дүкенінде жұмыспен қамту орталығынан екі жақтан айлық алып, бала-шағамызды асырап отырмыз. Жұмыс жақсы, өзім қанағат етемін. Әлеуметтік қолдау жасап жатқан Елбасымызға, облыс басшылығына алғыс білдіремін.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашты деуге болады. Отырар ауданындағы 78 жас маман жастар практикасынан өтуде. Қайта даярлаудан өткен 75 жұмыссыз ауыл шаруашылығына жұмысқа тартылған. Жаңа стратегиялық бағдарлама елімізде жұмыссыздықты азайтудың тиімді тетігіне айналғалы отыр.

– Тігін цехын дамыту мақсатында жұмыс-пен қамту орталығына өтініш білдірдім . Өтінішім қабылданып «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан 3 млн теңге көлемінде несие алып, жаңа заманға лайықты тігін машиналарын алдым, перделік маталар алдым рулондап. Мектептен формаға тапсырыс алған болатынмын, ол да бітуге таяу, – дейді «Жұмыспен қамту» бағдарламасына қатысушы Сымбат ЖАМАЛ.