Қарыз ақша үшін екі отбасын қырып салды

328

Шымкентте қарыз ақша үшін екі отбасы мүшелерін өлтірген қаніпезер құрықталды. Қанды оқиға 26-ақпан күні кешкі уақытта Қабанбай батыр көшесі бойындағы үйлердің бірінде орын алған. Көршілері айқай-шуды естіп, 102 нөмірі бойынша кезекшілерге хабар береді.

 Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтердің бұзып кіргенде 3 азаматтың мәйітінің үстінен шығады. Ал төртінші жәбірленушінің денесі өзінің үйінде табылыпты. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысты азамат көп ұзамай ұсталған. Ол 1974 жылы туылған Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде сезіктінің бұған дейін сотты болғаны анықталып отыр. Қаніпезердің қолынан қаза тапқандар — ағайынды екі жігіт пен олардың жұбайлары.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jZUgCG9-iIw[/youtube]