«Менің кішкентай балалық тілегім…»

643
Спорт редакциясының редакторы Сарбиназ Алдабергенова спорттық жабыдақтарды да үлестірді

«Менің кішкентай балалық тілегім». «Отырар» телеарнасының және «Рабат», «Оңтүстік Рабат» басылымдарының ұжымы мен Қауысбек Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры «Менің кішкентай балалық тілегім» акциясына қатысты. Әріптестерімізбен бірге Төлеби ауданындағы тілінің кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернатына арнайы барып, балалардың хатқа жазған армандарын орындауға тырыстық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=aqnSSilN6Ac[/youtube]

"Ленгір тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп -интернатында "Менің кішкентай балалық тілегім" атты қайырымдылық акциясы өтті
Мектеп -интернаттың ғимараты
Акцияның джемеушілері - "Рабат", "Оңтүстік Рабат" басылымдары мен "Отырар" телеарнасының ұжымы және Қ.Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры
Акцияның демеушілері — «Рабат», «Оңтүстік Рабат» басылымдары мен «Отырар» телеарнасының ұжымы және Қ.Тұрысбеков атындағы жеке қайырымдылық қоры

Бақтияр Тілеуқабылов, Қ.Тұрысбек атындағы жеке қайырымдылық қорының вице-президенті: «Жуырда біздің қайырымдылық қоры үлкен бағдарлама әзірлеп отыр. Бұл олардың бала қиялын жүзеге асырады деп ойлаймыз. Әсіресе, өнерлі жеткіншектерге көп көмегі болады деген сенімдеміз.»

Демеушілер алдымен балаларға ақ тілектерін білдірді
Демеушілер алдымен балаларға ақ тілектерін білдірді
Сый-сыяпат табыстау сәті
Сый-сыяпат табыстау сәті

Сарбиназ Алдабергенова, «Отырар» ТА режиссері: «Менің кішкентай балалық тілегім» акциясы дегенді ести сала біз бірауыздан қатысуға келісе кеттік. Ұжымымыздың әкімшілігі де белсенділік танытып, хатта жазылған тілектерді жинақтай бастадық. Спорт редакциясы спорттық жабдықтарды жеткізді. Міне, осылай балалардың арман-тілектерінің орындалуына үлесімізді қосып отырмыз. Алдағы уақытта да біздің ұжым мұндай қайырымдылық шаралардан шет қалмайды.» 

 Балакөңілдің ақ қағазға түсірген осындай армандары бір сәтте орындалды.

Спорт редакциясының редакторы Сарбиназ Алдабергенова спорттық жабыдақтарды да үлестірді
Спорт редакциясының редакторы Сарбиназ Алдабергенова балаларға спорттық жабдықтарды үлестіруде
Балалар дән риза
Балақайлар дән риза

Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған балалар Көптен күткен тартуына тамсана қарайды.

Сыйлықтардың ішінде спорттық киімдер де болды

Қуаныш пен Жұлдызай достарына ойыншықтарын көрсетіп, мақтанып жүр

Зүбира Айтуғанова, Леңгірдегі тілінде кемістігі бар балаларға арналған көмекші мектеп-интернатының директоры: «Біз ең алдымен үлкен тәрбиелік мағынаға назар аударамыз. Балаларды сахнаға, өнерге бейімдейміз. Бұл арқылы олардың дыбысты дұрыс қоюы қалыптасады. Екіншіден, саусақ тамырларын қимылдату, яғни, қолөнерді меңгереді. Мұның сәбилердің анық сөйлеуі үшін үлкен септігі бар.»

Хатта жұмсақ ойыншықты жазған балалар да

скейтбордты армандаған балалар да бар

жаңа спорттық жабдықтарына қол жеткізгендер өзара жарыс ұйымдастырды

Демеушілер теннис үстелін де тарту етті
Демеушілер теннис үстелін де тарту етті

Ал интернаттың оқушылары ойынды үйренуге кіріскен