Инсультке қатысты күрделі ота енді Шымкенте де жасалады

432
бас-ми қан тамырларына ота жасалуда
бас-ми қан тамырларына ота жасалуда

Жергілікті дәрігерлер қымбат әрі күрделі отаны іске асырды. Дәл қазір Астанадан келген үздік дәрігер  Шымкент қалалық №2 жедел жәрдем ауруханасында инсульттың алдын алу мақсатында ми қантамырларына ота жасап, шеберлік сабақтарын өткізіп жатыр.

бас-ми қан тамырларына ота жасалуда
бас-ми қан тамырларына ота жасалуда

Мамандар операция барысын онлайн жүйесінде бақылап, біліктіліктерін шыңдауда. Айта кетейік, отаға қажетті құрал-жабдықтар былтыр Америкадан арнайы алыныпты.  Отаның бұл түрін әзірге жергілікті дәргерлердің 2-і ғана меңгерген. Құны 3,5 миллион теңге тұратын бұл операция үшін  бұрын науқастар Астана мен Алматыға баруға мәжбүр еді.