Мүмкіндігі шектеулі азаматша кәсіп ашып, өзгелерге көмектеспек

373
Гүлпан-рухы мықты жан

Рухы мықты жан. Өңірімізде өз кәсібін ашып, өзгелерге де жұмыс беруге әзір бірінші топтағы мүгедек жан тұрады. Гүлпан Жұмағұлова мүмкіндігінің шектелгеніне қарамастан қол кусырып отырмай, өз кәсібін ашып, өзі сияқты жандарға  қолдау көрсетпек.

Гүлпан-рухы мықты жан
Гүлпан – рухы мықты жан

Гүлпанның моншақтардан қолөнер бұйымдарын жасауды үйренгеніне біраз болды.Үй шаруасынан қолы босаған тұста отанасы баласымен түрлі заттарды дайындап, бөлмені безендіріп те қойған. Мұндағы перделер, жастық пен көрпелердің тыстары да осы мүмкіндігі шектеулі азаматшаның қолымен тігілген. Тағдырдың тауқыметін көрген Гүлпан еңсесін түсірген жоқ. Шойын жолда жарақат алып, мүгедектер арбасына танылған ол алдымен Алланың арқасында, одан кейін өмірге деген құштарылығы мен туыстарының қолдауымен аяққа тұрды.

 

Гүлпан Жұмағұлова, «Достық» шағынауданының тұрғыны: «Мүгедек қоларбасына 4 жыл таңылдым. Енді өмірім не болады деп көп ойладым. Сосын, өзімді өзім қамшылап, жаттығулар жасап, қазір аяққа тұрдым. Ата-анам қолдады. Кішкентайымнан тігінші болуды армандағанмым. Сол арманыма жету үшін қадам да жасадым.»

Тігіншілік өнері Гүлпанға әжесінен дарыған. Осы кәсіпті мүгедектерді оңалту орталығында әрі қарай үйренді. Іскерлікті меңгерген соң «Достық» шағынауданындағы мүмкіндігі шектеулі құрбыларына үйретпек.

Гүлпан жасаған бұйымдар
Гүлпан жасаған бұйымдар

Гүлпан Жұмағұлова, «Достық» шағынауданының тұрғыны: «Өзім отырғандықтан, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын түсінемін. 8 сағат отыру, әрине, қиын. Қолынан не келеді, соны жасауды үйретсем деймін. Үйге келгенде көрші қыз-келіншектер «Гүлпан, қашан ісіңді ашасың, біз жұмыс жасауға дайынбыз» дейді. Үкімет 3 миллион теңге қайтарымсыз несие берсе, мүмкіндігі шектеулі азаматша шағын ғана цех ашпақпын.»

Осылайша бірінші топтағы мүгедек тек өз отбасын асырап қанай қоймай, өзгелерге де көмектеспек. Алайда өз кәсібін ашуға ынталы әйел қолдау таппай отыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматша бар үмітін кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына артқан еді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5b7J2gM0De8[/youtube]

Береке Талғатұлы, облыстық кәсіпкерлерге  қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары: «Біз тек тегін бизнес жоба жасап бере аламыз.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар бар.»

Алайда, өз өндірісін ашуға бел буған Гүлпан райынан қайтатын емес. Таяуда Оңтүстік өңіріне іс-сапармен келген ҚР еңбек және әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсеноваға арызын да беріпті. Енді жауабын күтіп жүр.