Оңтүстік «Тағзым күнін» атап өтті

307

Биылғы 14-наурыз – Тағзым күні қасиетті жұмаға тура келді. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін аталы сөзді арқау еткен Шымкент қаласының басшылығы ұлық мерекенің алғашқы күнінде Абай саябағындағы Даңқ мемориалына, шекарашылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аға буынның ізін ала мұнда келген жастардың да қатары қалың.

IMG_419684769040799

Омархан Әлімбаев, жас белсенді: «Отаны үшін от кешкен батыр бабаларымыздың рухына, үлкен аталарымыздың рухына құран бағыштап, гүл қойып жатырмыз. Жұма күні болған соң мешіттерде құран бағыщталды. Жастарға үлкен тәрбиелік мәні бар, үлгі болар шара деп ойлаймыз.»

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Бүгін мынау тағзым күнімез қасиетті күнмен тең келіп отыр. Бұл күннің де өз ерекшелігі бар. Мұның бізден кейінгі ұрпаққа тәрбиелік әсері бар. Сондықтан бұл дәстүрді келесі жылы да атап өтейік. Ертең – алас күні. Ол тазалық күні. Сондықтан барша мемлекеттік қызметкерлерді, қала тұрғындарын сенбілікке шақырамыз.»

etrte

Қазақ халқының ескі жыл санауы бойынша көктем мезгілі осы кезде келеді деп есептелген. Сондықтан бұл күнге батыс өңірі «Көрісу» деген атау беріпті. Ал діндарлардың ұғымында екі атаудың айырмашылығы мынадай.

Бейбіт Мырзагелдиев, облыстың бас имамы: «Көрісу күні – ол исі мұсылман жамағаты үшін кез-келген күн. Мұсылман «Ассалаумағалейкум» деп, «Сізге Алланың амандығын тілеймін, есендігін тілеймін» десе, «мен де сізге Алладан амандық, есендік тілеймін» деп жауап қайтарамыз. Ол біздің тек сол бір күнде ғана емес, жыл-он екі ай жасалынатын сәлеміміз. Сондықтан ол да бір ол өңір үшін маңызды болып есептелінеді. Дегенмен бізге бұл күнді «Тағзым» деуінің бір себебі – дүниеден өткендерді еске алу. Сондықтан оның үлкен құндылығы көрініп тұр.»

Наурыз -жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын, әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, Табиғат-ана оянып, тіршілік атаулының түлейтін кезеңі. Сол себепті халқымыздың көнеден қалған наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртқан жөн. Тоғыз күнге ат тағып, тойлаудың түпкі тамыры осында жатыр.