Оннан астам көлік ұрлаған жеткіншектер ұсталды

182
Мына күдікті әлі кәмелет жасына толмаған

Шымкенттің полиция қызметкерлері көлік ұрлаумен айналысып жүрген екі жігітті қолға түсірді. Былтырдан бері қаланың бірнеше тұрғыны көліктерінен айрылып, полицияға шағым түсірген болатын. Осы орайда тәртіп сақшылары «Көлік ұрлығы» атты жедел-алдын алу операциясын жүргізеді. Соның нәтижесінде екі күдікті қолға түсті.

Мына күдікті әлі кәмелет жасына толмаған
Мына күдікті әлі кәмелет жасына толмаған

Тергеу барысында күдіктілердің осындай 16 ұрлыққа қатысы бары анықталып отыр. Олар түн қараңғысында қараусыз тұрған көліктердің терезесін сындырып кіріп, айдап кетіп отырған. Айта кету керек, ұсталғандардың бірі – кәмелет жасына толмаған жеткіншек. Қазір екеуі де қамауда жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Q_4W6_knYi8[/youtube]