Түрме басшыларының бірі парамен ұсталды

283
Күдікті азамат

Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаментінің лауазымды қызметкері пара алу кезінде ұсталды. Аталмыш департамент бастығының орынбасары 2000 АҚШ долларын қаладағы сауда орталықтарының бірінде алып жатқан жерінде қолға түскен.

Тергеу барысында белгілі болғандай, сезікті азамат бұл қаржыны кадрлық резервте тұрған азаматты Шымкент қаласының атқару инспекциясындағы лауазымында қалдыру үшін сұраған көрінеді. Осылайша лауазымды қызметкер өз өкілеттілігін пайдаланып, алаяқтық жасамақ болыпты. Қазіргі таңда оған қатысты қозғалған қылмыстық іс толық дәлелін тауып, сотқа жолданды.

Күдікті азамат
Күдікті азамат