Жастар мерекелік автошеру ұйымдастырды

443
Автошеру Бәйдібек би көшесінен басталды

Наурыздың 19-ы – «Жайнау» күні. Ұлыстың Ұлы күнін тоғыз күн атап өтуді әдетке айналдырған Оңтүстік жайнау күнін жадырата қарсы алды. Шымкенттік жастар автошеру ұйымдастырып, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Автошеру Бәйдібек би көшесінен басталды
Автошеру Бәйдібек би көшесінен басталды

 

Автошеруге жастар белсене қатысты

Наурыз алаңына жиналған жастардың көңілі көтеріңкі. Автошеру алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтауда. «Жайнау» күнінде қала тұрғындарын құттықтау мәртебесіне ие болғандарына риза.

Ерлан Айтбаев, «Шымкент жастары» мекемесінің директоры: «Бүгін – «Жайнау»күні. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағы. Көктем келді, жастарымыз жайнап шыға келді. Қаланың белсенді жастары болып, қала тұрғындарын құттықтағалы жатырмыз.» 

Белсенді жастар жол бойы қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
 

Қала тұрғындары таң-тамаша күйде қалды

Тізілген көліктер уақытты созбай шеруді бастап жіберді. Бәйдібек би даңғылынан басталған автошеру қала тұрғындарын таңырқатты. Көк байрақты көкке желбіреткен жастар береке мен бірліктің бастауы болған Наурыз мерекесімен шымкенттіктерді құттықтады.

автошеру қаланың орталық көшелерінен өтті
Шеру қаланың орталық көшелерімен де жүріп өтті 

Автошеру әл-Фараби алаңына тоқтады

Наурызнама дәстүрін заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталған тоғыз күндік шара аясында ұйымдастырылған автошеру қаланың орталық көшелерінен де өтті. Шымкенттіктерге мерекелік көңіл күй сыйлаған топ соңында Әл Фараби алаңына тоқтады.

Автошеру соңында қаланың қоғамдық көліктерінде «Наурыз» мерекесі құтты болсын!» деген тілек жазылған 500 дана стикерлер жапсырылып, билбордтар ілінді.

Автошеру соңында қоғамдық көліктерге стикерлер жабыстырылды