Жаңалықтар 

Қайнарбұлақта жарық жоқ

Қайнарбұлақ елдімекеніндегі “Металлург” кооперативінің тұрғындары нағыз егін науқаны кезінде сусыз әрі жарықсыз қалып отыр. Үш мыңдай халқы бар саяжайдың бұлайша коммуналдық қажеттіліктерден қағылуына қордаланып қалған қарыз себеп.

Қайнар бұлақ саяжайындағы тұрғындардың төбесінен “қара бұлт” арылмай-ақ қойды. Мәселеге шаш-етектен шырмалған Металлург кооперативі соңғы бес жылдан бері жарқыраған жарыққа жарыған емес. Қордаланып қалған қарыз үшін электр желісін қиылған. Жарық болмағасын су да тоқтап тұр.

Қайнарбұлақ. Металлург

Ләззат Жүнісбекқызы, тұрғын: “Бізге 7 миллион теңге қарызсыңдар дейді. Бұл ақшаның қайдан шыққанын ешкім білмейді. Осы жерге апта сайын, ай сайын шақырады. Жиналыс дейді. Өздері сол жерде жиналады да өздері тындырып жібереді. Тыңдамайды ешкімді. Жарыққа қарыз болсаң, қияды да тастайды. Осының кесірінен қазір сүтіміз ашып жатыр, етіміз боршып жатыр.”

Саяжай тұрғындары “Энергопоток” мекемесі жария еткен қарыздың қайдан шыққанын білмей дал. Осы түйткілді анықтау мақсатында бұл күнге дейін екі сараптама жұмысы жүргізіліпті. Екеуінің қорытындысы бір-біріне қайшы. Кімнің ақ, кімнің қара екенін анықтаудан әбден шаршаған халықтың бір ғана тілегі – жарық пен ауызсу үздіксіз берілсе.

Дәулет Жиренбаев, аудандық электр бөлімінің аға инженері: “Ондағы халықтың көпшілігі 20-30 мың теңге жарық жағады да соны төлей алмай отырады. Онда электр энергиясы үшін ақы төлегісі келмейтін азаматтар да бар. Электр қуатын ұрлайтындар да шығады. Сондықтан ол кісілер ішкі тарифтерін көтереді, ұрланған киловатты табу үшін. Қазіргі таңда “Металлургте” жарық жоқ. Өшірілді. Қарызды төлемегенше қоспауға тырысып отырмыз.”

Әзірге Металлург кооперативі электр қуатынсыз отыр. Демек, қанып ішер таза су да жоқ деген сөз. Бұл жағдайда есік алдындағы бақшаға егілген егінді суарудың машақаты туралы сөз қозғау мүлдем артық. Ауа райының күннен күнге ысып келе жатқанын ескерсек, сусыз һәм электр жарығынсыз өмір сүріп жатқан саяжайдағы ел таяуда көкөніссіз қалуы мүмкін.

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz