Әл-Фараби мен Абай ауданының әкімдігі ардагерлерді құттықтады

9-мамыр – жеңіс күніне орай Шымкенттегі Әл-Фараби ауданының әкімдігі Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне, ауған соғысының қатысушыларына арнап мерекелік шара өткізді. Бүгінгі күні Әл-Фараби ауданы бойынша 68 соғыс ардагері өмір сүреді. Мерекеде отты жылдардың көзі тірі куәгерлері енді ел басына мұндай нәубет төнбесін деп ағынан жарылды.

Ұлы Жеңіске 69 жыл

Әбдірахсан Жиренов, ардагер: «Жеңіс күні құтты болсын! Өздерің аман-сау болыңдар. Қазақ көбейсін. Ешкімге тәуелді болмай, азат өмір сүріңдер, айналайын. Біздің көргенімізді көрмеңдер.»

Ұлы Жеңіске 69 жылАрдагерлерді Абай ауданының әкімдігі де ардақтады. Мамандар ауданға қарасты елдімекендерде тұратын 120 қартқа дастархан жайып, азын-аулақ сыйлығын ұсынды. Депуттаттар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен атқарылған шарада қазыналы қарттардың көңілін бір сәтке болсын жадыратсақ, мақсатымыздың орындалғаны дейді ұйымдастырушылар жағы.

Ахмет Татыбаев, Абай ауданының әкімі: «Ауданымызда тұратын 40 шақты ардагер жүре алмай да қалыпты. Басқосудан соң сол кісілердің шаңырағына бас сұғып, мейраммен құттықтаймыз.»