Көңілдесін өлтіріп тастады

400
Фотосурет ғаламтордан алынды

Шымкентте кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Облыс тұрғыны өзінің ойнасын өлтірген. Сөйтіп, денесін қоқысқа тастап жіберіпті.

Фотосурет ғаламтордан алынды
Фотосурет ғаламтордан алынды

Мамырдың орта шенінде Абай полиция бөліміне қоқыс жинайтын қызметші хабарласқан. Айтуынша, қала сыртындағы қоқысханаға барған жүк көлігі аударған қалдықтардың ішінен жас қыздың денесі табылыпты.

Осы оқиға бойынша шұғыл аттанған полиция қызметкерлері аталған жерге барып, тексереді. Сөйтіп, марқұмның 28 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны екені анықталған. Ол тұншықтырылып өлтіріліпті.

Полиция қызметкерлері арнайы топ құрып, шұғыл іздестіру амалдарын жүргізеді. Соның нәтижесінде бірнеше айдан кейін күдіктіні қолға түсірді. Ол Ордабасы ауданының 25 жастағы тұрғыны екен. Осы уақыт аралығында Алматы қаласында жасырынып жүрген.

Күдіктінің айтуынша, сол күні марқұммен төсектес болыпты. Барлығы қыздың өз еркімен болған көрінеді. Дегенмен, біраздан кейін марқұм мен күдікті арасында ұрыс туындайды.

Қыз жігітті «Зорладың» деп қорқытып, сотқа беретінін айтыпты. Мұны күтпеген сезікті көңілдесіне тап береді. Жамылғымен қылқындырып, өлтіріп тастайды. Сосын денені үйдің жанындағы қоқыс жәшігіне апарып тастапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=W8K_eJBsS_w[/youtube]

Қазіргі таңда күдіктінің айтқандары мұқият тексерілу үстінде. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.