Полиция көлігі жол апатына ұшырады

433

Шымкентте әдеттегіден өзгеше жол-көлік оқиғасы орын алды. Өзгеше дейтін себебіміз – жол апатының себеп-салдарын анықтайтын полиция қызметкерлерінің өзі келеңсіз жағдайға ұшырады.

009

Оқиға кешкі уақытта Қазыбек би көшесінің бойында орын алды. Мұнда тәртіп сақшылары мінген ВАЗ көлігі мен Шевролет көлігі соғысып қалды. Полиция тобы Шевролет көлігінің соңынан біраз жерден бері жүріп келіпті. Оған себеп – көліктің алдыңғы терезесі күңгірттелген дейді құқық қорғаушылар. Бұған қоса дауыс зорайтқыш құрал да заңсыз қойылған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=pcicb3K_DyY[/youtube]

Ал Шевролетті басқарып отырған бойжеткен полиция қызметкерлерінің даусын естімедім дейді. Көліктің ішінде музыка қатты қойылған. Бір айта кетерлігі, жүргізуші өзінің кінәсін теріске шығарып отырған жоқ. Яғни, дауыс зорайтқыш құралы барын және терезесі күңгірттелгенін мойындайды. Бірақ, сырттағы дауысты естімегенін айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0fi0BIlDvr8[/youtube]

Қазір осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру амалдары жалғасуда.