Шымкентте жалған ақша жасаушы ұсталды (видео)

1277
Ақша кәдімгі қағазға басылған

Шымкентте жалған ақша жасап келген жігіт ұсталды. Ол 13-мамыр күні қолға түсті. Сезіктіні ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері құрықтап отыр.

Ақша кәдімгі қағазға басылған
Ақша кәдімгі қағазға басылған

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 18 жасар күдікті бұдан бұрын да ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған екен. Полиция қызметкерлері келтіріп отырған деректер бойынша жас жігіттің қалтасынан 500 теңгелік 17 дана жалған ақша табылған. Бұған қоса сол жалған ақшалардың арасынан 4000 теңге нағыз ақша да тәркіленді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=d4oSUHZQjVs[/youtube]

Бұдан кейін күдіктінің үйін тінтіген полицейлер компьютер және жалған ақша шығаратын түрлі-түсті принтер тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Сезіктінің айтуынша, ол жалған ақшаны шағын дүкендерде сауда жасау арқылы жаратып отырыпты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=LqVVphCATqY[/youtube]

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен «Жалған ақша және бағалы қағаздарды қолдан жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=2J5JVPeJcp0[/youtube]

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=0TWRoOACOno[/youtube]