Соңғы қоңырау мерекесіндегі шеруге тыйым салынды

319

Оқушылар арасындағы қылмыс тыйылмай тұр. Ұрлық пен алаяқтық жасайтын мектеп шәкірттерінің қатарын күн санап артып барады.

Ербосын Құрманғазы
Ербосын Құрманғазы

Бұл жөнінде мектеп директорлары және балабақша меңгерушілерімен өткен жиында Абай полиция бөлімінің полковнигі Ербосын Құрманғазы мәлімдеді. Айтуынша, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық мәселесіне ата-аналар да немқұрайлы қарайды. Салдарынан мектеп аумағынан тыс кезде оқушылардың қатысумен тәртіп бұзушылыққа жол беріледі.

Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған дөң гелек үстелде соңғы қоңырау шарасындағы білім ошағын бітірүшілердің қыдыруы мәселесі де қозғалды. Соңғы жылдары осы шеруде қайғылы жағдай жиі орын алған. Сондықтан құқық қорғау органдары биыл мектеп бітіруші түлектердің 25-мамыр күні саябаққа қыдырып, көліктермен шеру өткізуіне тыйым салып отыр.

Ербосын Құрманғазы, полиция полковнигі: «3-4 күн қалды ғой соңғы қоңырау шарасына. Егер салынған тыйымды бұзып, көліктермен қыдырған жағдайда, мектептерге әкімшілік шара қолданамыз. Ал егер көп адамның опат болуына әкеліп жатса, қылмыстық іс қозғалады. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.»