Зейнетақысын күткен қария көз жұмды (видео)

Қария мерт болды

Зейнетақы аламын деп ажал құшты. Қаладағы банктің бірінде зейнетақы кезегінде тұрған қарт кісі көз жұмды. Ол күнінң ыстығына шыдай алмаса керек.

001

74 жастағы қария зейнетақысын алуға бір күн бұрын да кезекте тұрып, құр алақан қайтыпты. Алғашқы күні тізімде болмай кеш батырса, бұл жолы аптап ыстықтан қан қысымы көтеріліп кеткен. Сөйтіп, құлап түсіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=XukQDT6fz74[/youtube]

Ал жедел жәрдем келгенге дейін қария тірі еді дегенді дәрігерлер жоққа шығарып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gvOZeYaa5-g[/youtube]

Зейнетақы мен жәрдемақының шырғалаңына түскендер көп. Мамырдың 4-нен бері ұзын-сонар кезек. Аптапта қысымы көтеріліп, мұрны қанап жатқандар да бар. Мерекелік демалыстарға байланысты өзгерген жүйеге наразылардың да қатары көп.

Ал зейнетақы төлеу орталығы мен тарату бөліміндегілердің уәжі жалғыз. Қалың кезек – мерекелік демалыстың нәтижесі.

Айжан Досымбетова, «Халық банкінің» ОҚОФ директорының орынбасары: «Мына мерекелерге байланысты кезек болып жатыр. 3-не түсетін зейнеатқы мен жәрдемақы 4-не түскен, ал одан кейін алатындар алдын ала келіп алған. Алда тағы да демалыс күндері келе жатыр, тағы да осындай жағдай болады. Біз тек таратумен айналысамыз. 8-і күні де қызметкерлеріміз жұмысқа шығады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rqTB9EST7lw[/youtube]

Жалпы, мамандар осындай оқыс оқиғалардың алдын алу үшін карточкалық қызметке жүгінуге кеңес береді. Тек банк филиалдарында емес, сауда орындары мен мемлекеттік мекемелерде де банкоматтың қызметін пайдалана аласыз. Ұзын-сонар кезектен құтылудың жалғыз амалы әзірге осы ғана болып тұр.