Алименттен қарызы бар әкелер жұмысқа тартылады

246
алимент

Алимент төлетудің амалы қандай? Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары табысының жоғынан алимент төлей алмай жүрген әкелерді еңбекке тартуға кірісті.

мамандар алимент төлетудың жолын тапты

Айта кетейік, бір ғана Әл Фараби ауданының өзінде баласының қамқорлығына қолғабыс жасай алмай отырған әкелердің саны мыңнан асады. Жауапты мамандар осы жұмыссыз әкелерге 350 мамандық ұсынып отыр. Олардың ішінде медицина, білім, мәдениет, фармацевтика, мұнай және газ мамандықтары бар. Екі қолға бір күрек тапқан әкелер жаңа заңнамаға сәйкес қазір бір балаға 27 мың теңге төлеуі тиіс. Бұрын бұл көмек небәрі 4 жарым мың теңге ғана болатын.