Бірлескен топ түнгі рейдке шықты

339
қаруды сақтау ережелері бар
қаруды сақтау ережелері бар

Құқық қорғау органы қызметкерлері қаруды сақтау ережелерін бұзушыларды құрықтау үшін түнгі рейдке шықты. Бұл жолы Абай аудандық прокуратура қызметкерлері мен жергілікті ішкі істер бөлімінен құралған бірлескен топқа жол-патрульді полиция өкілдері де ілесті. Сақадай сайланған бірлескен топ қала көшелерін бойлай жүйткіген жас жүргізушілерді жиі тоқтатты. Себебі,олар соңғы кездері травматикалық қару түрлерін қолдануға әуес жасөспірімдердің көбейіп отырғанына алаңдайды.Дегенмен полицейлерге заңсыз сақталып келген қаруларды анықтау мүмкін болмады. Есесіне рұқсаты болғанымен қаруды дұрыс сақтамайтын тұрғындар анықталды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=et0fXrl8lZ8[/youtube]