Шымкентте нан қымбаттады ма?

216
нан 15 теңгеге қымбаттады

Шымкентте ас атасы қымбаттады! Таңсәріден сатушы да, сатылып алушы да аң-атаң. Ас атасының құны бір күнде шарықтап кеткен. Баға өсімінің наннан басталатынын жақсы білетін халық қымбатшылықтан қауіптенеді.

нан 15 теңгеге қымбаттады
нан 15 теңгеге қымбаттады

Қазір қала дүкендерінде ақ және қара бөлке 50 теңгеден сатылып жатыр. Сатушылардың өздері нанды наубайханадан 45 теңгеден алатындарын айтады. Бағаның қымбаттауы өзге де нан өнімдерінен байқалады. Мәселен, осыған дейін «Сайка» нанын 55 теңгеден сатып алып келген жерлестеріміз қазір бөлкенің бұл түрін 70 теңгеге сатып алуға мәжбүр.

Нан бағасының қымбаттауына байланысты шұғыл басқосу өткізген облыстық әкімдіктің өкілдері баға тұрақты деп отыр. Жауапты тұлғалар тұрақтандыру қорынан берілетін арзан ұн наубайхаланаларға үздіксіз жеткізіліп жатыр дейді. Осылайша мамандар алыпсатарлардың ас атасының бағасын аспандатуына ешқандай себеп жоқ дегенді айтады.