Автобан құрылысындағы заңсыздықтар

237

Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары әлемдік маңызға ие «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан құрылысындағы бірқатар заңсыздықтарды анықтады.  Шымкент – Қызылорда тас жолы бойында күре жол құрылысын жүргізіп жатқан «Бейнестрой» ЖШС мен «Kukdong Engineering&Construction Co.Ltd» АҚ  ШФ топырақты заңсыз пайдалану фактілері тіркелген.

Аталған мекемелер «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобан жолын салу мақсатында  223 шаршыметр топырақты заңсыз пайдаланған. Шу-талас экология департаменті Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы мамандарының ұйғарымымен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 122 бабы бойынша  әкімшілік іс қозғалып, «Kukdong Engineering&Construction Co.Ltd» АҚ  ШФ-на 226 800 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Топырақтың пайдалы, құнарлы қабатына келтіргені үшін мемлекетке келтірілген зиян 469 415 100 теңге деп бағаланып отыр. Әлем көз тіккен, екі құрлық арасында көпір болар мұндай күре жолдың құрылысын қарық қылам деп, табиғат – анаға зиянын тигізгендер енді заң алдында жауап беретін болады.