Толассыз жауған жаңбыр жұртты әбігерге салды (бейне)

287

Түні бойы толассыз жауған жауын таң етреңмен жұмысқа асыққан жерлестерімізді әбігерге салды. Қашыртқы арықтардан ағуы тиіс су жаяу жүргіншілер жолын, тіпті көше бойын алып жатыр. Ал Жаңа шек және Шымкент каналдарының жиегінен асқан топан су жақын маңдағы тұрғын үйлердің аулаларына жиналды. Жаңа шек каналының екі шақырымға созылған жағалауын бетондау жұмысы аяқталғанымен, ол өз міндетін атқара алған жоқ дейді осы маңдағы тұрғындар. Күн жылыда сасық су жиналлса, жауын шашын болғанда су кері ағып, арнасынан шығады.

Биыл канал деңгейін төмендетіп бетондау жұмысына қаржы бөлінбеді. Сөйтіп, 2008 жылы басталған құрылыс тоқырап қалған болатын. Жерлестеріміз жергілікті басшыларға қанша өтініш жасағанымен канал түбін бетондау жұмыстарына қаржы қаралған жоқ. Миллиондаған қаржыға бұған дейін де жұмыстар жүргізілген. Мамандар құрылыс аяқталғанда ғана қателік кеткенін мәлімдеді. Канал басының денгейін көтерудің орнына төмендетіп жіберген. Нәтижесінде шұқыр пайда болып, су жиналып қалуда.

Қала орталығындағы қашыртқы арықтар да жүйесіз. Жауын шашыннан жиналған су Қазыбек би көшесінде тоғысып қошқар ата өзеніне құйылуы тиіс. Өкінішке орай, жер асты өткелдерінің бәрі қоқысқа толып жайылған су жолға шығып кететіні үйреншікті көрініске айналған. оның басты себебін «ЛТД тұрмыс» ЖШС-нің мамандары
Көше қилыстарындағы жер асты өткелдерінің бәрінен бағдаршамдардың желілерін жүргізіп тастағанымен түсіндіреді, нәтежесінде құбыр іші тарылып қоқыс кептеледі. Тазарту қауіпті ток бар.

Шымкент қаласындағы Ирригациялық жүйелерге жауапты «ЛТД тұрмыс» ЖШС 200 шықырымнан астам қашыртқы арықтарды тазартатын. Енді олардың ұзындығы әлдеқайда артқан. Жаңадан салынған көшелердегі су жүйелері қызмет көрсетуші мекемелермен келісіліп жасамайды дейді мамандар. Егер, ортақ мәмілемен қолға алынса, мұндай келеңсіздіктердің кемитініне жауапты мамандар сенімді. Ал оған кім кедергі жасап жатқаны түсініксіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=d8S-qWlpxVA[/youtube]