Жол апатынан қаза болғандарды еске алды

Ауқымды іс шара

БҰҰ-ның ақпаратына сәйкес әлем бойынша жылына 2 миллионға жуық адам жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмып, 20-50 миллионы жан түрлі дене жарақатын алады. Ал Қазақстанда 4300-ден астам адам жол апатының құрбаны болады. Қаза болғандары еске алып, әрі жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару мақсатында елімізде 14-20 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» апталығы мен «Есіңе ал және ойлан» атты акциясы өтті.

Апталықтың соңғы күні яғни жексенбіде күндізгі сағат 12:00-де автокөліктер 1 минутқа өздерінің жарықтарын жағып, дыбыс беру сигналдарын қосты. Ал балалар ақ-қара түсті шарларды аспанға ұшырды.

Аталмыш  іс шара жол апатында жақын адамынан айырылған отбасыларға қиын жағдайда демеу болады.  Қоғамның назарын аударып, ал жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақыру. Өйткені жол көлік оқиғасын болдырмау ол өзіміздің қолымызда дейді ұйымдастырушылар.