Қуыршақ театры жаңа қарқынмен жұмысқа кірісті

Балалар атасы мен әжесінің қызықты ертегілерін тамашалады

Жаңа ғимаратта29- маусымашар. Облыстық қуыршақ театры күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін  алғаш рет есігін айқара ашып, балаларға базарлық жасады. «Маша мен үш аю» атты ертегінің қойылымы кқрсетілді.

Шымкентте Кең баба саябағында орналасқан театр ғимараты алғашында  кафедралы Николь шіркеуі болған. Ғимарат Оңтүстік қазақстан облысындағы қызыл кірпіштен тұрғызылған құрылысы мықты нысандардың бірі. Осыдан бірнеше жыл бұрын нысанды екіге бөліп, сатира театрымен бірге жұмыс атқарса, биылдан бастап олар өз алдарына баспаналы болды.

Құрылысшылар жөндеу жұмыстары кезінде ғимараттың бірегейлігі мен ерекшеліктеріне сызат түсірмеген.

«Жөндеу жұмыстары 2011 жыл бойына жүргізілді. Ғимараттың өзі ескі. Сондықтан мұнда бірден қайта құру жұмыстарын жргізуге болмайды. Негізін сақтап, кескін-келбетін қалдырып, тек ішін ғана жөндедік. Ғимаратқа 25-30 жылдан бері жөндеу жүргізілмеген», – дейді облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев

«Биыл театрға 28 жыл толады. Біз жөндеу жұмыстарын көп күттік және бір қуаныштысы, енді бізде бір емес, екі бірдей емес зал бар. Сондықтан біздің бір уақытта дайындалып та және қойылымдарды балаларға көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Әртістер қазақ және орыс тілінде ұойылымдар дайындауда»,-  дейді қуыршақ театрдың көркемдік жетекшісі Антонина Малюченко.

Адине 9 жаста. Ол театрға жиі келгенді ұнатады, өйткені мұнда қойылатын ертегілер қызықты.

«Бұрын театр мектепке келетін. Ал бүгін театрға сыныптастарымызбен бірге келдік. Өте қызықты өтті»,- дейді Адина.

Жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 61 миллион теңге жұмсалған. Алғашқы қойылымдар қаңтар айынан бастап қойылады.