Тұрақты комиссияда газдандыруға қаржы бөлу мәселесі қаралды

174

Желтоқсанның 7-не өтетін облыстық мәслихаттың кезекті 47-ші сессиясының қарауына ұсынылатын мәселелерді бүгін депутаттар тұрақты комиссия отырысында талқылады. Облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу, игерілмеген қаржыны республикаға қайтару сияқты өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар жасалды
Бюджетттік квалификацияда бағдарламалардың атауы мен коды өзгергендіктен депутаттар 2011-2013 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу жөнінде шешімнің жобасын қабылдады.

Әлеуметтік сала мамандарын қолдау шараларын іске асыруға қаралған 8 млн-ға жуық теңгенің не себептен игерілмегені және ол үшін кім жауапқа тартылатынын комиссия мүшелері жіті қарады.Кінәлілерге қатысты- тәртіптік шара көрінетін болды.  Сайрам мен Төлеби аудандары қаржыны мерзімінде  игермеген.

Сонымен қарыздарды өтеу бойынша шығындар 875 966 мың теңгеге ұлғайтылды. Өзекті мәселелердің бірі Шардара ауданындағы бірқатар елдімекендерді түбегейлі газдандыруға 800 млн теңге қажет. Өңірден сайланған депутаттар бөлінген 7 жарым млн. теңге аз деп отыр. Газдандыруға қажетті қаржы көлемінің жобалық сметалық құжатта ескерілмегені ойландыратын жәйт. Комиссияда аумақтық инвестициялық «Максимум» орталығына қаржы бөлу мәселесіне 4 млрд. теігені игергеннен кейін қайта оралу дұрыс деп шешілді. Көтерілген мәселелер облыстық мәслихаттың 47 сессиясында қаралып, қабылданады.