Úı Jańalyqtar Республикалық деңгейде өткен балалар сурет байқауы қорытындыланды

Республикалық деңгейде өткен балалар сурет байқауы қорытындыланды

аталған байқаудың жеңімпазы

Қаламыздағы ОҚО балалар құқықтарын қорғау департаменті Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан» атты Республикалық балалар сурет байқауын ұйымдастырды.

Аталған байқауды ұйымдастырудағы мақсат-қазіргі қоғамдағы үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу, балалардың өз елінің ажырамас бөлігі екендігін сезінуді қалыптастыру.

Байқауға жалпы орта білім мектептерінің оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері қатыстырылды.

Сонымен, бас жүлдені яғни арнайы сертификатқа Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «өнер» мектеп интернатының оқушысы иемденді.