Шымкент макароны Ресейде үздік аталды (PR)

Жақында Ресейдің сібірінде 29-қараша мен 2-желтоқсан аралығында өткен «19-шы Мамандандырылған» азық-түлік көрмесінде «Мадина» макарон фабрикасының өнімдері жоғары сапа көрсеткішіне қол жеткізді. Айта кету керек тамақ өндірісіндегі бұл көрме халықаралық деңгейде азық-түлік саласының үздіктерін анықтап қана қоймай, жаңа байланыстар орнатуға мол мүмкіндік.

Ел нарығындағы сұранысты өтеп қана қоймай, шет елдерге импортталатын өнім шығаратын мадина фабрикасы бүгінде тіпті ТМД шеңберінде үздік саналады. Әсіресе Жұқа әрі ұзын вермишелі мен ұлу тәрізді өнімдер сапасы жағынан қайталанбас көрсеткішке ие. Мадиналықтардың айтуынша өнімнің сапалы болуы қазақстандық ұн мен таза суға және италияндық замануи құрал-жабдықтардың арқасы екен. Сонымен қатар фабрика мамандарының еңбегі дейді.

Макарон өнімдерінің 22 түрін шығарылады. Ұзын спагетти титптес макарондардың 18 түрі қалған 4 еуі ұсақталып туралған өнімдер екен. Жалпы биыл Новосибирдегі көрмеде шымкенттік макаронның үздік танылуы қиынға соғыпты. Себебі бұл жолы сапа қатаң тексеріліп, макарон құрамы майшаммен қаралған екен. Жеңістің жету арқылы Мадиналықтар енді Ресейден өз өнімін сатып алушыларды тапты. Алдағы уақытта макарон өнімдерін халықаралық сауда аренасына шығару жоспарланып отыр.