Сырдария өзенінің бойынан өткен көпір пайдалануға берілді

258
тәуелсіздікке ағаш екті

Шағалалы Шардара халқы 45 жыл армандап күткен Сырдария өзенінің бойынан өтетін көпірдің аяқталуына куә болды. Бұрынғы ескі көпірден жүрерде «қыл үстінен» өткендей күй кешіп келген шардаралықтар бұл күнді асыға күткен. Көпірдің стратегиялық маңызы да ерекше.

«Өмір жолы» деген балама атқа ие болған көпірді «Айжамал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Оның ұзындығы 245, ал ені 14 метр.

Сонымен бірге елдің әл ауқатын көтеретін жаңа зауыт іске қосылды. Енді өңірде мақта мен пісте және мақсары майлары шығарылады. Сөйтіп, жылына 4-4,5 тонна өнім елдің өзге өңірлеріне экспортталады.

Шардара қаласының орталығынан «Тәуелсіздік саябағы» бой көтерді. Мерейлі мерекеге тартуды шардаралықтар үлкен қуанышпен қабылдады. Облыс басшысы алғашқы ағашын отырғызып, тұрғындарды жаңа саябақтарының ашылуымен құттықтады.