Тәртіптікке бағынбаған шенеуніктер жазасын алды

178

Облыстық тәртіптік кеңестің мүшелері күн тәртібіндегі 7 мәселені жіті қарап шешімдер шығарды. Мәселен Сайрам ауланы әкімінің орынбасарына ескерту берсе, 2 салықшының ісі облыстық салық департаменті басшысының қарауына жіберілді.

Ең ұзақ қаралған мәселе-Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Самат Сапарбаев жер мәселесі бойынша арыздарды қарауда салғырттық танытқан. Қарамағындағы мемлекет қызметкерлеріне қатысты ешбір шара көрмегеніне қатысты болды. Қаржы полициясының оны тәртіптік жазаға тарту жөніндегі ісі қаралды. Лауазым иесі кінәлі еместігін дәлелдеуге тырысып, әбігерге түсті.

Кеңес мүшелеріне шенеуніктің жіберген қателігін мойындаудың орнына ақталғаны ұнаған жоқ. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Самат Сапарбаевтың бұрын -соңды әкімшілік жазаға тартылмағаны ескеріліп, бұл жолы оған тек ескерту жасалды. Тәртіптік кеңеске облыстық салық департаментінен жіберілген істер де кеңес мүшелерінің біраз уақытын алды.

 Бағдаулет Ашеновтың және оның әріптесі Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары Гаухар Бегманованың ісін қарау облыстық салық департаменті бастығына жіберілді.