Саяжайға жаңа көпір салынатын болды

351

Арыс қаласы маңындағы Саяжай тұрғын үй массивінде қазір 50 шақты отбасы ғұмыр кешеді. Алайда, аталмыш елдімекенді шаһармен ұлайтын жалғыз жасанды су өткізуші 2012 жылдың ақпан айында су тасқынынан құлаған. Соның салдарынан саяжайдың балалары мектепке теміржол өткелі арқылы баруға мәжбүр. Себебі, Қабылсай жырасынан қыс пен ерте көктемде Арыс өзеніне су ағады. Сол кездері бұл жерлермен балалар жүре алмай қиналады екен. Ал саяжайға теміржол өткелінен өзге апаратын жол жоқ.

20140306_105506

Сәуле Юсупова, Саяжай тұрғын үй массивінің тұрғыны: «Мектеп оқушылары қыстың күні ана рельстің үстімен мектепке қатынады. Ол жерде жарақат алған ешкім жоқ, Құдайға шүкір. Әкімшілікке барғанда да айтқан болатынбыз. Осы балалар ешқандай жағдайға түспей жатып, жарақат алмай жатып, көпір мәселесін шешіп беріңіздер деп.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-57XTrFcgCs[/youtube]

Бүгінде Саяжай елдімекеніне көлікпен қатынау да қиындап кеткен. Тұрғындар, тіпті, жедел жәрдем шақырудың өзі мұң. Өйткені, сол жәрдемге жету үшін Қабылсай жырасындағы балшықты кешіп өтуге тура келетінін айтады.

20140306_105517

Күнсұлу Есімханова, Саяжай тұрғын үй массивінің тұрғыны: «Жедел жәрдемнің келуі өте қиын. Біз шақырсақ, ана жақта күтіп тұрады. Сол жаққа дейін жүру өте қиын. Баламның судоргасы бар.»

20140306_110000

Саяжайлықтар бұл мәселе туындағанда Арысқа Қанат Сыдықов әкім еді. Ол кісі келіп, құрғақ уәдеге қарық қылып кетті деп отыр. Ал қаланың қазіргі басшылығы Қабылсайға бірнеше рет жөндеу жүргізілген. Десе де, көктемгі топан су тұрғызар емес. Енді жергілікті әкімшілік биыл ұзындығы 40 мерт болатын көпірдің құрылысын бастауды жоспарлаудамыз дейді.

20140306_105319

20140306_105522

Асылбек Баймұрзаев, Арыс қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы: «Бүгінгі таңда 71 миллион 615 мың теңге облыстық бюджеттен бөлініп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.»

Жауапты мамандардың айтуынша, жаңа көпір қараша айында қолданысқа берілмек. Жалпы, өңірімізде 500-ден аса көпір болса, соның 170-сін күрделі жөндеу қажет. Облыс басшылығы оларды жоспарлы түрде ретке келтіреміз деп отыр.