«Жолда қабылдау» акциясы барысында жүргізушілердің құқығы түсіндірілді

294

«Жолда қабылдау» атты республикалық акция Шымкентте де өтті. Шараны «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Осы акция барысында ұйымдастырушалыр шымкенттік көлік жүргізушілерінің көбінің өз құқықтарын біле бермейтінін байқады.

Жол сақшылары тоқтатқан кейбір көлік жүргізушілері құжаттарын ала жүгірді. Ал кейбірінің, тіпті, мазасы қашты. Бірақ, олар жай ғана саулнамаға жауап алу үшін тоқтатылған еді. «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының мәлімдеуінше, жүргізушілердің полиция қызметкерінің алдына жүгіріп баратыны өздерінің құқықтарын толық білмейтінін көрсетеді.

Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасы: «Біздің азаматтарымыздың көпшілігі өздерінің құқықтарын біле бермейді. Ал полиция қатарына жаңадан кіргендері де кейде түсіне бермейді.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=-U1TpO0Ftn8[/youtube]

Акция барысында көлік жүргізушілері жолдағы құқықтық тәртіптің жағдайы жөнінде алдын ала дайындалған сауалнамаға жауап берді. Арнайы анкетада полиция қызметкерлері тарапынан ақша бопсалаушылық жәйттері жөнінде де сұрақтар қамтылған.

Данабек Мырзабеков, ОҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы: «Бұл акция 2011 жылдан бері жүргізіледі. Республикалық маңызы бар шара. Биыл ауқымды жүргізілуде, жылына екі рет өткізіледі. Акцияның басты мақсаты – жүргізушілерге құқықтық көмек беру.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2M7zTuEZhds[/youtube]

Жиырма жылдан бері көлік басқарып жүрген 37 жастағы Ербол Оспанов акцияға алғашқы қатысқандардың бірі болды. Ол сауалнамаға өңірдегі автожолдардың мән-жайы жөнінде сұрақ енгізбегені жөнінде айтып қалды.

Ербол Оспанов, жүргізуші: «Мына жолдардың қазылып кетуі бізге қиын болып жатыр. Шығынға ұшырап жатырмыз. Ал екінші мәселе – жолда жүргенімізде қазіргі патрульді полиция дұрыс болды. Жолда тоқтату беру де дұрыс емес. Тәртіп бұзылса ғана тоқтатылатынына көңілім толады.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FrRwYDtW16M[/youtube]

Мұндай сауалнаманың қорытындысы жолдағы тәртіптік ахуалға талдау жасауға мүмкіндік береді дейді акция ұйымдастырушылары. Жоспар бойынша осы жылдың күз айында мұндай акция тағы да ұйымдастырылады.

IMG-20140314-WA0006

2014-03-13 11.47.34

2014-03-13 10.23.05