«Алас күнін» өткізуде белсенді болайық

15 наурыз «Алас» күні аясында жалпықалалық сенбілік өтеді
15 наурыз  «Алас» күні аясында жалпықалалық сенбілік өтеді
15 наурыз «Алас» күні аясында жалпықалалық сенбілік өтеді

Құрметті шымкенттіктер!

2014 жылғы 15 наурыз «Алас» күні аясында жалпықалалық сенбілік өтеді. Халқымызда Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында көшені, ауланы сыпырып, арық-атыздарды тазалап, бұлақтың көзін ашу бұрыннан келе жатқан дәстүр. 

Осы игі дәстүрді жаңғыртып, айналамызды айнадай етіп тазартып, сүйікті қаламыздың тазаруына атсалысайық, Құрметті қала тұрғындары! 

Күн өткен сайын көркейіп, ажарлана түскен Шымкент қаласы баршамыздың ортақ үйіміз. Олай болса, қала шырайын арттыра түсу де өз қолымызда. Сенбілікке жұмыла қатысу – бәріміздің азаматтық міндетіміз! 

«Алас» күні туған қаламыз Шымкентке деген махабатымыз бен құрметімізді білдіріп, сенбілікке белсенді қатысайық! 

Шымкент қаласының әкімдігі