Каратэ-дошылар Азия ойындарына Шымкентте дайындалуда

658
Оқу жаттығу жиыны наурыздың 7-14 аралығында өтеді

Еліміздің үздік каратэшілері №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің залында дайындалуда. Республикалық оқу-жаттығу жиынына Әлем, Азия чемпиондары мен жүлдегерлері де келген. Олардың арасында ақтаулық спортшы Халид Халидов та бар. Ауыр салмақта өнер көрсететін каратэші Қазақстанда өз салмағында бірінші номерлі спортшы саналады.

Ел чемпионатының алдындағы дайындыққа 50-ге тарта каратэші шақырылған
Ел чемпионатының алдындағы дайындыққа 50-ге тарта каратэші шақырылған

Халид Халидов, Әлем чемпионы: «Біз өткен жолғы Азия ойындарында екі алтын, бір қола медаль жеңіп алған едік. Енді бұл жолы да чемпион атансақ деп отырмыз. Кем дегенде үш алтын медальды қоржынға саламыз деп сенемін. Өйткені, жаттығуымыз жақсы жүріп жатыр.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Zz1Wiu4TjgY[/youtube]

Еліміздің қыздар командасы да осында. Шымкенттік Мадина Өткелбаева жуырда ғана Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, Дамира Сухамбердиева мен Шолпан Бекжанова да алдағы ел чемпионатына дайындалуда. Бұл жарыстың жалауы наурыздың он алтысына Шымкентте көтеріледі.

Құраманың аға бапкері Парвиз Мансуров әр спортшыны жеке дайындайды
Құраманың аға бапкері Парвиз Мансуров әр спортшыны жеке дайындайды
Алдағы Азия ойындарында қыздар командасы да топты жаруы тиіс
Алдағы Азия ойындарында қыздар командасы да топты жаруы тиіс

Парвиз Мансуров, каратэ-до спорт түрінен ұлттық құрама команданың аға бапкері: «Бұл оқу-жаттығу жиыны – Азия ойындарына алғашқы сынақ. Оның үстіне Шымкентте сенбі-жексенбі күндері республикалық дода өтеді. Екінші іріктеу сол жарыста болады. Содан кейін Түркияға жол тартамыз. Оңтүстікқазақстандықтар қай кезде де көш бастап келген ғой. Сол себепті де осында келіп отырмыз. Ал құрлық біріншілігі қыркүйек айында Оңтүстік Кореяда өтеді.»

Бұл оқу-жаттығу жиыны наурыздың он төртіне дейін жалғасады. Содан кейін каратэшілер ел чемпионатында өзара үздіктерді анықтайды. Бұл жолғы жиынға Оңтүстіктен 15 спортшы қатысып отыр. Олардың жетеуі №11 шығыс жекпе-жек спорты мектебінің шәкірттері. Шымкенттік бапкерлер Медеу Райымқұлов, Дамира Сухамбердиева, Мади Катешев, Шолпан Бекжанова, Дархан Асаділов, Мадина Өткелбаевқа үміт артып отыр.

Шымкенттік бапкерлердің үміті Мадина Өткелбаева
Шымкенттік бапкерлердің үміті Мадина Өткелбаева
Оқу жаттығу жиыны наурыздың 7-14 аралығында өтеді
Оқу-жаттығу жиыны наурыздың 7-14 аралығында өтеді
Жаттығулар күніне екі реттен өтуде
Жаттығулар күніне екі рет өтеді
Бұл спортшылар өз облысының мақтаныштары
Бұл спортшылар – өз облыстарының мақтаныштары
Азия ойындарына дейін отандастарымыз әлі бір қатар сынақтан өтуі тиіс
Азия ойындарына дейін отандастарымыз әлі бірқатар сынақтан өтуі тиіс

Тағы бірнеше күннен кейін Шымкентте каратэ-до спорт түрінен ел чемпионаты өтеді

Катэ жаттығулары да бапкерлердің назарынан тыс қалмауда