Оңтүстікте өрік гүлдеді

381

Оңтүстікте өрік гүлдеді. Күні тез жылынатын күнгей үшін бұл қалыпты жағдай дейді мамандар. Наурыз айының соңғы күндері жылылығымен ерекшеленді. Мәселен, 31-наурыз күні облыс көлемінде ауа температурсы 22-27 градус жылы болды. Бірақ алдағы күндері күн қайта суытып, жаңбыр жауып, шаңды жел болады деп болжайды синоптиктер. Кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Ольга Иконникова, инженер-синоптик: «2-сәуірден бастап күн райы бұзыла бастайды. Облыс бойынша күндіз ауа температурасы күндіз +7-12, кей жерлерде 16 градус жылы болса, түнде термометр көрсеткіші +3-8 градус жылылықты көрсетеді. Таулы, солтүстік аудандарда түнде 0,2 градус суық болады. Бірақ 4-5-сәуірден бастап күн райы қайта жылына бастайды.»