«Отырарға» кітап қажет

"Отырар" кітапханасы
"Отырар" кітапханасы
«Отырар» кітапханасы

Облыс орталығында ашылған «Отырар» кітапханасы аз уақыт ішінде облыс жұртшылығының көз қуанышына ғана емес, кітап әлемін «баға жетпес байлық, таусылмас қазына» деп санаған көпшіліктің бас қосар ортасына айналып үлгерді. Дегенмен, кітапхана ұжымының оқырманға айтар өз өтініштері бар екен. Олар «Кітап қазынасы – Отырарға » атты акция жариялай отырып, кез келген оқырман өзі ізденіп, сүйіп оқыған, енді жас буынға рухани азық бола алатын кітаптарын «Отырар» кітапханасына өткізе алатындығын хабарлайды. «Бұл сый – кәдеңіз арқылы Сіз келер буынның:

– ата – баба дәстүріне, мұрасына, Отанға адал, өнегелі де тәрбиелі;

– өзіңіз армандағандай адамгершілігі мол, білімді де инабатты;

– тарихи – мәдени және рухани жәдігерлерімізді қадірлей, қастерлей білетін жан – жақты жетілген тұлға болып өсуіне көмектесесіз!

– сіздің сыйға тартқан кітабыңыз терең ақыл, мәнді нақыл іздегеннің қолына түсіп, ұрпақтар атынан алғыс аларыңызға – біз кепілміз!», – дейді кітапхана ұжымы.