Шымкентте кезекті ірі оқу-жаттығу өтті (фото және видео)

292

«Фиркан сити» сауда-ойын-сауық кешенінен 300-ге жуық адам құтқарылды. Өртпен күресушілер қызыл жалынмен арпалысып жатқанда құтқарушылар нысан шатырында қалып қойған азаматтарды арнайы құралдардың көмегімен қауіпсіз жерге алып шықты. Жарақаттанғандар тез арада медициналық пунктке жеткізіліп, дәрігер оларға алғашқы көмек көрсетті.

Бұл көріністің барлығы – жоспарға сәйкес өткізілген оқу-жаттығу. Негізгі мақсат – төтенше жағдай кезінде авариялық құтқару қызметтерінің іс -әрекеттерін пысықтау. Оқу-жаттығу өткен нысан қаладағы адам көп шоғырланатын ғимараттың бірі болып табылады. Жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы басқа да ойын-сауық орталықтарында 8 рет оқу-жаттығу ұйымдастыру көзделіп отыр.

 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=T2ZdI4A-c24[/youtube]