Оңтүстік шабандоздары 16 команданың арасынан топты жарды

586

Сүйінші!  Түркістан қаласында өтіп жатқан республикалық ұлттық спорт ойындарында Оңтүстік Қазақстан облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды. Жігіттер ақтық кездесуде Жамбыл облысының құрамасынан басым түсті. Есеп – 2:1.

Бұрын-соңды көкпарға 16 команда түгел қатыспайтын. Бұл еліміздегі ұлттық ойынға деген көзқарастың өзгергенін аңғартса керек. Түркістанда өткен жарысқа жанкүйерлер де аз жиналмады. Жарысқа қыз қуу, теңге ілу, аударыспақпен қатар ұлттық ойынның тағы бір түрін қосуды ұйымдастырушылар жөн санапты. Бұл жолы жамбы ату бойынша үздіктер анықталмады.  Әзірге ол сайыс ресми сынақ тізіміне енген жоқ. Ал аударыспақтан Оңтүстіктің төрт білекті жігіті жеңімпаз атанса, теңге ілуден де жерлестеріміз жүлделі болды.