Шымқаланың төл мерекесі биыл тұңғыш рет «Тәуелсіздік» саябағында аталып өтілді.

198
ән-би мерекенің сәніне айналды

Жақында ғана пайдалануға берілген көрікті саябаққа қала халқы көп жиналды. Себебі таң сәріден бастап ән де биде, күйде орындалды осында. Кез келгеннің көңіл көзін көркімен тойдыратын демалыс орнына келгендер шат шадыман күй кешті. Тіпті шеттен келген қонақтар қаланың көркіне тәнті болып,төл мерекеге орамды ойымен ізгі тілегін ақтарып салды ортаға.

Дүбірлі мереке барысында тындырылған тірліктер мен атқарылар істер де талқыланды. Биылғы жылға міндеттелген ауқымды істер межеленді. Шымшаһардың кеңейіп құлаш жаюына, көркейіп өркендеуіне үлес қосқандар да тыс қалмады назардан. Думанды шарада 16 құрлыс компаниясының жетекшілері мадақталды.

Қаланың даңқын асқтатып, атын танытқан әлемнің бес дүркін чемпионы, атақты гимнастшы Нелли Кимге «Шымкент қаласының құрметті азаматы» атағы берліді. Саңлақ спортшының өзі шет елде болғандықтан марапат туған туыстарына тапсырылды. Мәдени шара барысында сондай- ақ зиялылар демалыс аймағының дендрокешеніне ағаш отырғызып, саябақтың тағылымын арттырды.