Қазақстан Жаңа жылдық ВИП кештер өткізуден алдыңғы орында

317
жаңа жыл

ТМД елдері арасында Жаңа Жылдық ВИП кештер өткізудің рекорды Қазақстанның үлесінде. 2-ші орында Әзірбайжан, 3-ші орынға Ресей тұрақтапты. Барлық корпоративтік кештер арасында Жаңа жылдық кеш ең әсерлі, қызықты деп саналады. Соған сай оған кетер шығын да аз емес. Дегенмен, ұжымдық демалыс, депрессиядан арылтып, әріптестер арасындағы ынтымақты арылтады екен.

Ұжымның корпоративті кештерінде ән-би көрігін қыздырып, компаниялар қызметкерлерінің арасында таланттылар да табылары да сөзсіз. Кейбір ұжымдар өз алдына мәдени бағдарлама әзірлетіп, ВИП кештерге танымал жұлдыздарды да арнайы шақыртады. Әрине, мұндайда негізгі шығын екі есеге артары айтпаса да түсінікті. Өнер адамдары да мереке кезінде алдарына жан салмай дайындалады.

Айтпақшы, Жаңа Жылдық биылғы маусымда кейбір ВИП кештерде Аяз ата мен Қарша қыздың орнына роботтар арнайы шақырылуда. ВИП корпоратив кештерінің ұйымдастырушыларының да бағдарламалары сан қилы.

Олар сабынды және отты шашу-шоуларын, тіпті ойға келмес таракандар бәйгесін де ұсынуға әзір. Тек Жаңа жылдық кешін елден ерек етіп өткізгіңіз келсе, мыңдап емес, миллиондап төлеуге тура келеді.