ОҚО бюджетіне өзгерістер енгізілді

169

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 48-сессиясы алдында тұрақты комиссиялардың отырыстары өтті. Күн тәртібінде қаралған жалғыз мәселе-2012 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу. Оның көлемі нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердің есебінен 73 млрд. 675 487 мың теңгеге ұлғайып, 305 млрд. теңгені құрады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 33,4 млрд.теңгеге артық.

Ішкі істер саласы бойынша көші-қон полициясының 77 штаттық бірлігін ұстауға 263,2 млн. теңге, оралмандарды бейімдеу мен біріктіру орталығының 12 штаттық бірлігін ұстауға 59,3 млн. теңге бөлінді. Ал білім саласына шығындар 17 млрд.-қа ұлғайды. Денсаулық саласына шығындар -15 млрд. теңгеге ұлғайтылды.

Шымкент қаласының қоқыс қалдықтарын рекультивациялауға 900 млн. теңге бағытталды. Облыстық маңызы бар автомобильді жолдары мен Арыс қаласындағы Сырдария өзені бойындан өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 537 млн. теңге қаржы бөлінді. Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету үшін 1 жарым млрд. қаржы бөлінді.