Шымкентте де жаңа жылдық шыршалардың шырағы жанады

Саябақтың қоршаулары да ерекше кейіпке енеді

Шымкентте қойылатын 4 шыршаға қаржы қалалық бюджеттен бөлінген. Жасанды көздің жауын алатын өсім ағаштарды Тәуелсіздік саябағы мен Әл-Фараби алаңынан, Неке сарайының жаны мен мұз сарайының алдынан қала тұрғындары мен қонақтар тамашалай алады.

Тәуелсіздік саябағына қойылатын 18 метрлік шыршаны Мәскеуден әкелген. Коммуналдық қызметкерлер оны сәндеп, түрлі ойыншықтар мен шарлар, жылтырлар іліп үлгерген. Ал бала-шаға мен қала тұрғындары жасанды сұлудың жанын айналшықтап, қызықтауда.

«Біз осыдан бірнеше күн бұрын шыршаны орнатып жатқанын байқадық. Күн сайын осында келіп, қашан шырағын жағатынын күтіп жүрмін. Ал сіздер білмейсіздер ма?-деп сұрады 9 жасар Валя.

Ал балалар қойған сұрақтың жауабын ЖКХ мамандары біледі. Анығырақ айтсақ, көптен күткен шара 9-желтоқсанда орындалмақ.

«Биыл шыршаларды сәндеу өткен жылдармен салыстырғанда ерекше болады. Тұрғындар мұны шырақ жанған күні тамашалай алады. Сонымен қатар, орталық көше бойларын да әшекелейтін боламыз»,- дейді ТҮКШ бөлімі абаттандыру секторының меңгерушісі Құрманбек Жарқынбек.

Биыл мемлекеттік қазынадан қаланық көркіне көрік қосып, сұлулығын арттыру үшін 80 млн теңге бөлінген. Оның 30-ы Тәуелсіздік меркесі мен Жаңа жылды тойлауға арналған.