Қара металл қанша тұрады?

1050

Қара металл кенінің қоры бойынша Қазақстан әлемде сегізінші орынды алады. Нақтырақ айтар болсақ, жаһандық темірдің 6 пайызы Алаш топырағынан өндіріледі екен. Бізде, тіпті, қара металды алып-сатуға бұған дейін ресми лицензиялар беріліп келген. Бірақ, былтыр шикізаттың бұл түрін елден шығаруға мараторий жарияланған болатын.

vlcsnap-2014-02-06-12h54m35s132

Бүгінде Қазақстанның қара металлургия өндірісі ел өнеркәсібінің 12,5 пайызын құрайды. Біздегі кен орындары негізінен арқа төсіндегі Қарағанды облысында орналасқан. Қара металды өндіруші отандық алпауыт кәсіпорын – «Испат-Кармет» металлургия комбинаты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=OvUzSutdZIA[/youtube]

Десек те біздің облысымызда да темірден нәпақа тауып отырған кәсіпкерлер аз емес. Мәселен, Шымкенттегі Темірлан тасжолын бойлай жүрсеңіз, қара металл қабылдаушы бірнеше дүңгершекті байқайсыз. Бізге қызық болғаны шикі заттың бұл түрін экспортқа шығаруға тыйым салса, кім және қайда әкетіп жатыр?

Аят Шаймерденов, қара металл қабылдаушы: «Фосфорға жібереміз ғой. Қайта өңдейді. Шина зауытын білесің бе? Міне, сол жақта мұны алады арматура істейді. Қазір шет жаққа шығып жатқан жоқ. Қазақстанда осы фосфор зауыты бар. Алдында Өзбекстан алатын еді. Қазір Өзбекстан жабылып қалды.»

vlcsnap-2014-02-06-12h54m59s122

Бұл іскер азаматтың айтуынша, мораторий жарияланғалы қара металл өткізушілердің қарасы кеміпті. Ал қайта өңделетін металдың нарықтағы құны келісіне 15 пен 25 теңгенің аралығында екен. Қабылданған темірді шаһар сыртындағы цехтарда балқытып, құрылысқа қажетті арматуралар өндіретін көрінеді. Алайда, Аят секілді лицензия алып, шойын балқытып жүргендердің саны бізге беймәлім. Тіпті, шикізатты кәсіп еткен қанша азамат бар екенін сол рұқсат қағазды беруші мекеме басшылығы да білмей отыр.

vlcsnap-2014-02-06-13h01m33s0

Әліпбек Өсербаев, ОҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Өтірік айтпайын, бұл жөнінде мағлұмат жоқ қолымда. Ол жөніндегі ақпарды осы салаға жауапты орынбасарымнан біле аласыздар.»

vlcsnap-2014-02-06-12h52m08s179

Ал басқарма басшысының бұл салаға жауапты орынбасары Жанболат Мелдешовті орнынан табу мүмкін болмады. Еңбек демалысында екен. Өзге лауазым иелері жауап беруге құлықсыз. Апталап күткен сұрауымызға басқарма мамандары факспен жауап жіберіпті. Дегенмен, онда құзырлы орган кәсіпкерлерге қанша лицензия бергені, олардың болашақ ісі жайлы мағлұмат жоқ.