«Мәңгілік ел» ішкі әскердің қызметін жақсартады

639

«Мәңілігік ел» елді қорғауда қырағылыққа бастайды. Елбасы жолдауын талқылаған 66/98 әскери бөлімінің қызметкерлері мен сарбаздары осылай дейді. Айтуларынша, биыл ішкі әскерде қызмет етушілердің қатары артқан. Жастардың әскерге бару ынтасының артуы отандық қарулы күштер қызметінің де дамуына әкеледі. Бұған қоса мәңгілік елді мызғымас сарбаз қорғауы тиіс. Елбасы жолдауы ел мен оны қорғайтын қарулы күштің беделін ғана емес, қазақстандықтарды ерекше отансүйгіштік рухқа тәрбиелейтін  құжат дейді әскери бөлімнің сарбаздары.

Дархан Омаров, 66/98 әскери бөлімінің сарбазы: «Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында әрбір азамат Отан алдындағы парызын өтеуге міндетті деп жазылған. Әскери қызмет – оңай емес. Енді ер-азамат болған соң Отанды қорғауға әрдайым әзір болуымыз керек.»

Арнайы шараны Абай ауданы әкімшілігі қолға алған. Елбасының жолдауын насихаттауға кіріскен ұжым, «Мәңгілі елді» қалыптастыруда ішкі әскердің де үлесі болуы шар деп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ak-PGvHNOKA[/youtube]

Гүлсара Тәшімова, Абай ауданы әкімінің орынбасары: «Біз көбіне мектептер мен жоғарғы оқу орындары, мекемелерде жолдауды ақпараттандыру-талқылау жұмыстарын қолға алып жүрміз. Сондықтан әскери бөлімге келіп, сарбаздарға да Президентіміздің сарабдал саясатын айтып, насихаттауды жөн көрдік. Елді қорғар азаматтарымыз жолдауды жатқа білуі керек деп ойлаймын. Және сарбаздардың патриоттық сезімін байқап, тәнті болып отырмын. Ал бұл «Мәңгілік ел» шарасы жалғасын табады, жыл бойы көпке түсіндіріп-насихаттауды міндеттіміз деп білемін.»