Шымкенттің ушу-саньдадан өз патшайымы бар

462
Қазіргі таңда бойжеткендеріміз де шығыс жекпе жегін жақсы меңгеруде

Жібек Тұрғынбаева — «Ушу-саньда патшайымы» атағына ие болған жалғыз шымкенттік бойжеткен. Ол қатарластарынан үздік екенін тағы да дәлелдеді. Бұл жолы жерлесіміз Каспий жағалауында өткен ел чемпионатында топты жарды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=T4if6Tf1rzM[/youtube]

Джет кун до спорт түрінің жастары ушу саньда бойынша да ептілік таныта алады

Ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты Ақтауда өткен болатын. Спорттың бұл түрінен бағын сынау мақсатында джиткундомен айналысатын жеткіншектер де Батыс Қазақстанға  жол тартқан еді. Нәтижесінде Ұлболсын Байзақова 52 келідегі спортшылар арасында алтыннан алқа тақты. Ал Нұрсұлтан Қарашбаев 45 келіде 2-орынды қанағат тұтты. Қажымұқан Бұрханов та жүлделі қайтты.

Ушу саньда спорт  түрі джет кун додан ерекшелігі көп.

Бапкер Бекзат Жалеловтың шәкірті Жібек енді әлем чемпионатына дайындалуда. Әрине, ең алдымен қаражат табу керек. «Ағалар көмектеседі деген үміттеміз. Өйткені, Оңтүстіктен Түркияға осы Жібек қана барады. Бұл жолы да топты жаратынына сеніміміз мол» дейді Жібектің бапкері.

Спорттың бұл екі түрінде де аяқ-қол сермеумен қатар күрес те бар

Оған дейін жерлестеріміз жаттығуларын жалғастырады. Өйткені, өзге де жергілікті жарыстар жеткілікті.

Жібек Тұрғынбекова джет кун домен қатар ушу саньда бойынша да чемпион екенін дәлелдей түсті
Жібек Тұрғынбекова джиткундомен қатар ушу-саньда бойынша да чемпион екенін дәлелдей түсті
Қазіргі таңда бойжеткендеріміз де шығыс жекпе жегін жақсы меңгеруде
Қазіргі таңда бойжеткендеріміз де шығыс жекпе жегін жақсы меңгеруде
Джет кун до күрестің де бірнеше түрін қамтыған
Джиткундо күрестің де бірнеше түрін қамтыған
Ақтауға жол тартқан бес жеткіншектің екеуі алтыннан алқа тақты
Ақтауға жол тартқан бес жеткіншектің екеуі алтыннан алқа тақты

Джет кун доның болашағы осы балалар екенін бапкер алға тартады